ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы 10 шайба жіберіп алды

Студенттерден жасақталған Қазақстан әйелдер құрамасы Туриндегі қысқы Универсиадада алғашқы ойынын өткізді.

Хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы 10 шайба жіберіп алды
Vesti.kz

Қазақстан әйелдер құрамасы В тобындағы алғашқы матчында Жапониядан 0:10 есебімен жеңіліп қалды. 

В тобындағы бірінші айналымның тағы бір кездесуінде Чехия құрамасы АҚШ-ты 6:3 есебімен ұтты. Осылайша, қазақстандық хоккейшілер қосымша көрсеткіштер бойынша америкалықтарды алға жіберіп, топтың соңғы орнына жайғасты. Жапониялықтар көш бастаса, Чехия құрамасы екінші орынға табан тіреді.

Жартылай финалға жолдама алу үшін топтық кезеңде үздік екі құраманың қатарына іліну керек. Қазақстандық хоккейшілер 14 қаңтарда Чехиямен ойнайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.