Қазақстан камбэк жасап Швецияның тас-талқанын шығарды

Сарапшы, спорт журналисі

Хоккейден Қазақстан құрамасы Туриндегі Универсиада ойындарында Швециямен бақ сынады. 

Қазақстан камбэк жасап Швецияның тас-талқанын шығарды
sportplustv.kz

Матч 9:2 есебімен Қазақстанның жеңісімен аяқталды. Кездесудің басында отандастарымыз екі шайба айырмасымен жеңіліп жатты. Бірақ кейін қарсылас қақпаға тоғыз шайба енгізді. Андрей Буяльский (20-шы минут), Николай Шульга (20-шы және 29-шы), Даниил Цыбин (32-ші және 37-ші), Максим Мусоров (50-ші), Әділ Бейсембаев (52-ші) және Денис Чапоров (58-ші) мергендік танытты. 

Осылайша Қазақстан Универсиаданы сәтті бастады. Қазақстандық хоккейшілермен бір топта Канада, Чехия және Оңтүстік Корея өнер көрсетеді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір