Қазақстандық вундеркинд Канада лигасында матч жұлдызы болды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Асанәлі Сәркеновтың "Спокан Чифс" клубы WHL тұрақты чемпионатында көш басындағы команданы тас-талқан жеңді. 

"Спокан Чифс" тұрақты чемпионаттың лидері "Эверетт Сильвертипс" командасын 10:1 есебімен тізе бүктірді. 

"Спокан" сапында нәтижелі соққылардың бірін қазақстандық шабуылшы Асанәлі Сәркенов жасады. 

18 жастағы форвард WHL тұрақты чемпионатының 32 матчында 22 (9+13) ұпай жинады.

Батыс хоккей лигасы (Western Hockey League) — Канада хоккей лигасының құрамдас бөлігі саналатын үш жасөспірімдер хоккей лигасының бірі саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір