ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Азиада-2025: Ірі жеңілістен айыққан хоккейші қыздар тартысты матч өткізді

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарындағы финалдық кезеңде екінші матчын өткізді.  

Азиада-2025: Ірі жеңілістен айыққан хоккейші қыздар тартысты матч өткізді
olympic.kz

Қазақстан кезекті кездесуін жарыс қожайындары Қытай ұлттық құрамасына қарсы өткізді.

Ойынның екінші кезеңінде Надежда Филимонова есеп ашты. Бірақ үшінші кезеңде қытайлық хоккейші Ван Цзясинь таблодағы көрсеткішті теңестірді. Ал матчтың нүктесін Александра Шегай қойды. Қазақстан 2:1 есебімен маңызды жеңіске жетті. 

Еске сала кетейік, финалдық кезеңнің алғашқы матчында Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен кездесіп, 0:4 есебімен жеңіліс тапқан. Ертең қазақстандық хоккейшілер Жапония құрамасына қарсы ойнайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.