Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Қытайда өтіп жатқан ІХ қысқы Азиада ойындарының ақтық сынына шықты.
Жартылай финалдық ойында ел құрамасы жарыс қожайыны Қытайдан 3:1 есебімен басым түсті.
Екінші кезеңде Роман Старченко қарсылас қорғанысын бұзып өтіп есеп ашты. Араға үш минут салып Дмитрий Гренц екінші шайбаны қақпа торында тулатты.
Соңғы шешуші кезеңде Қытай құрамасы есеп айырмасын қысқартқан. Бірақ Дмитрий Бреус соңғы минутта тағы бір шайба соғып кетті. Қорытынды есеп — 3:1.