Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Азиада-2025: Қазақстандық хоккейшілер сенсация жасады

Редактор Penalty.kz
14.02.2025, 09:37

Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарының шешуші матчында жеңіске жетті. 

kaz.inform.kz
kaz.inform.kz

Қазақстан қыздар құрамасы А тобындағы соңғы матчында Оңтүстік Кореяға қарсы ойнайды.

Ойынның 6-минутында қазақстандық шабуылшы Малика Алдабергенова оңтайлы сәтті пайдаланып,  қарсылас қақпасына шайба соқты.

Екінші кезеңде оңтүстіккореялық ойыншы біздің спортшыға қарсы ереже бұзып, 5 минутқа алаңнан шеттетілді. Өкінішке қарай қыздар бұл мүмкіндікті пайдалана алмады.

Үшінші кезең бастала сала қазақстандық хоккейшілер бірден шабуылға шығып, есеп айырмасын ұлғайтуды мақсат тұтты. Ұрымтал сәттердің бірін сәтті пайдаланған 21 нөмердегі қорғаушы Юлия Буторина қарсылас қақпасынан саңлау тапты. Ал ойынның 53-минутында Дария Молдабайдың алыстан бағыттаған соққысы қарсылас команданың қақпасында тулады. Осылайша Қазақстан құрамасы А тобындағы екі ойында жеңіске жетті. 

Енді осы топтағы тағы бір шешуші ойын Жапония және Қытай құрамалары арасында өтеді. Егер Жапония жеңсе алтын медаль алады. Ал қазақстандықтар күміс жүлдеге ие болады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 8
👎 0
😂 0
😡 2

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір