Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Барыс" Челябіде масқара болды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
02.03.2025, 18:35

Астананың "Барысы" ҚХЛ аясында Челябінің "Тракторымен" сырт алаңда кездесіп, 8:0 есебімен ойсырай жеңілді.

hcbarys.kz
hcbarys.kz

Ойында "Трактор" айқын фаворит саналды және бұл статусын толық дәлелдеді. Челябіліктер алғашқы минуттардан-ақ басымдықты қолына алып, бірінші кезеңде төрт шайба соқты.

Екінші кезеңде "Барыс" қақпашыны ауыстырғанымен жағдай өзгермеді. Есесіне тағы екі шайба жіберіп алды. Соңғы жиырма минуттықта мұзайдын иелері қос шайба соғып, есепті 8:0-ге жеткізді.

Кездесуде қақпашылар Андрей Шутов пен Артем Шестаков сәтсіз ойын көрсетті. Команда қорғаныста көп қателік жіберді.

“Трактор” (Челябі) — “Барыс” (Астана) 8:0 (4:0, 2:0, 2:0)

Шайбалар:
1:0 — 03:46 Кравцов (Светлаков). 
2:0 — 05:38 Дер-Аргучинцев (Дронов, Робинсон). 
3:0 — 17:30 Кравцов (Шабанов). 
4:0 — 19:29 Горюнов-Рольгизер (Светлаков). 
5:0 — 21:45 Кадейкин (Шабанов). 
6:0 — 34:40 Шабанов (Кадейкин, Коромыслов). 
7:0 — 41:23 Кадейкин (Шабанов, Коростелёв). 
8:0 — 59:26 Кадейкин (Шабанов).  

6 наурыз күні "Барыс" Астанада Новосибирсктің "Сібірін" қабылдайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір