
"Барыс" және Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері, ресейлік танымал маман Андрей Назаров 2024/2025 маусымында ҚХЛ-да сәтсіз өнер көрсеткен қазақстандық клубтың жағдайына қатысты пікір білдірді.
Қазір "Барыс" лиганың соңғы орнында тұр, деп жазады Championat.com сайты.
"ҚХЛ-да плей-оффқа дайындық қызу жүріп жатыр. Турнирлік кестенің жоғарғы сегіздігі көптен бері анықталған. Алайда көңіл көншітпейтін нәтижелер көрсетіп жатқан командалар да бар, олардың бірі – "Барыс".
Қазіргі басшылық команда соңғы орындарға түсіп, 0:8 есебімен ойсырата жеңіліп жатқанын ескеруі керек. Жас ойыншыларға ғана сенім арту жеткіліксіз, әсіресе жақсы нәтижеге үміт артсаң. Кез келген команда мен оның жанкүйерлері жеңіске жетуді қалайды".
Андрей Назаров легионерлер мен клубтың болашағы туралы да өз ойын білдірді.
"Мен" Барыста" әрқашан ҚХЛ-дың үздік легионерлері болғанын білемін: Доус, Бойд, Боченски, Даллман сынды ойыншыларды еске түсіріңіз. Осы дәстүрді жалғастыру маңызды.
Клуб басшылығы барлық мәселенің түп-төркінін түсінеді деп үміттенеміз. Себебі қазіргі жағдай Қазақстанда хоккейді дамытуға және оны халық арасында танымал етуге ешқандай үлес қоспайды. Ал бұл спорт түрі елде ерекше бағаланады және жанкүйерлер сүйіп қарайды", – деді Назаров.