Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық жас спортшы Франциядағы халықаралық турнирдің чемпионы болды

Редактор Penalty.kz
14.04.2025, 13:40

Қарағандылық Алан Құрманғалиев Метц қаласында (Франция) өткен үстел теннисінен WTT Youth Star Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

offside.kz
offside.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының болашағынан үлкен үміт күттіретін спортшысы Алан Құрманғалиев Францияда өткен беделді турнирде 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында топ жарып, алтын медаль иеленді. Бұл  Аланның халықаралық аренадағы алғашқы жеңісі емес.

Алан жарыс барысында бірнеше мықты қарсыласты тізе бүктірді:

  • Коннор Грин (Англия) — 3:0
  • Энрике Риос (Пуэрто-Рико) — 3:0
  • Ма Ёнмин (Корея) — 3:1
  • Флавио Мурье (Франция) — 3:2
  • Ли Сынсу (Корея) — 3:1
  • Юлиан Чириту (Румыния) — 3:1
  • Ян Хао-Джен (Тайбэй) — 3:1

Бұл нәтижелер оның техникалық және тактикалық жағынан жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Алан Құрманғалиев — Қазақстан чемпионаты тарихындағы ең жас жеңімпаз. Ол 14 жасында ел біріншілігін жеңіп, ұлттық деңгейдегі рекорд орнатқан. Бұған дейін бұл рекорд Кирилл Герасименкоға тиесілі болған: ол 2012 жылы, 15 жасында чемпион атанған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір