Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

8 жасар қазақ қызы әлемді бағындырды (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
16.04.2025, 18:32

Қазақстан шахмат құрамасы жастар мен жасөспірімдер арасындағы рапид және блиц бойынша әлем чемпионатында жарқын жеңіске жетті. Ел қоржынына 6 алтын және 1 қола медаль түсті.

instagram/@playchess.kz
instagram/@playchess.kz

Қазақстандық шахмат жаңа жұлдызы – 8 жасар Әлиша Бисәлиева Грекияда өткен жарыста G8 (қыздар, 8 жасқа дейін) санатында қарсыластарын түгел жеңіп, әлем чемпионы атанды. Ол турнирдегі 11 партияның бәрінде де жеңіске жетті – бұл көрсеткіш абсолютті үстемдікті білдіреді.

18 жасқа дейінгі жас санаттарында өткен әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы бейресми командалық есепте бірінші орын алды. Шахмат федерациясы бұл нәтижені күтпеген жетістік деп бағалап отыр, себебі чемпион атанған алты ойыншының тек екеуі ғана рейтингте фаворит болған.

Қазақстан құрамасының жетістіктері (ЧМ-2025, рапид және блиц)

Алтын медаль иегерлері:

  • Әдинұр Әділбек (O8 – ұлдар, 8 жасқа дейін)
  • Әлиша Бисәлиева (G8 – қыздар, 8 жасқа дейін)
  • Әміржан Әнетов (O10 – ұлдар, 10 жасқа дейін)
  • Айару Алтынбек (G14 – қыздар, 14 жасқа дейін)
  • Елназ Қалиахмет (G16 – қыздар, 16 жасқа дейін)
  • Ерғали Сүлеймен (O18 – ұлдар, 18 жасқа дейін)

Қола медаль:

  • Жансая Шолпанбек (G14 – қыздар, 14 жасқа дейін)
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 4
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір