Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Спорт саласындағы былық. 800 млн теңге жымқырылған

Редактор Penalty.kz
01.05.2025, 10:40

Жыл басынан бері 18 қылмыстық іс болған. 

Penalty.kz
Penalty.kz

Ағымдағы жылдың басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға байланысты 18 қылмыстық іс болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. 

800 млн теңгеден астам залал

2025 жылдың басынан бері спорт саласына қатысты 18 қылмыстық іс қозғалған. Тергеу нәтижесінде:

  • Жалған оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру;
  • Жалақы төлеуде айла-шарғы жасау;
  • Қымбат тұратын спорттық жабдықтар сатып алулар анықталған.

Жалпы келтірілген залал – 800 млн теңгеден асады.

Атырау облысында экс-басшы мен жаттықтырушы сотталды

2024 жылдың 21 сәуірінде Атырау қаласының №2 соты облыстық спорт басқармасының бұрынғы басшысы Д. Қоспанов пен жаттықтырушы Н. Майлашевті:

  • Оқу-жаттығу жиындарына шығуға жәрдемдескені және жаттықтырушылардан 2,4 млн теңге ақша қаражатын заңсыз жинау жолымен лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін 1,7 млн теңге сомасында пара алғаны;
  • басқарма басшысы КММ-де еңбек қызметін іс жүзінде жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны заңсыз есептеу жолымен 1,1 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп тапты.

Қоспанов – 4 жылға, Майлашев – 3 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Қарағанды мен Алматы облыстарындағы істер

  • Қарағанды: «Жастар» олимпиадалық резервінің облыстық мамандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің футболдан басшысы Б. Нұрланов 3 млн теңгеден астам қаржыны жалған жиындар арқылы жымқырған. Ол 2 жылға сотталды.
  • Алматы: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы 8 млн теңге пара алғаны үшін күдікке ілінді. 24 сәуірде қамауға алынды, тергеу жалғасуда.

Республикалық деңгейдегі тергеулер

  • Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директоры мен оның орынбасары 2022-2023 жылдар аралығында 397 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған.
  • 2021 жылы «Dat Corporation» ЖШС директоры ретінде Батыс Қазақстан облысында футбол мен допты хоккейді дамытуға бөлінген 161 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырған.

Аталған істер сотта қаралуда.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір