
Бейбарыс Ерсейіт спорттық мансабындағы алғашқы халықаралық жарысында тарихқа енді. Ол Перу астанасы Лимада ауыр атлетикадан өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.
Бейбарыс 30 сәуір мен 5 мамыр аралығында өтетін додада ел намысын қорғаған алғашқы спортшы болып, 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Бұл – оның Қазақстан атынан шыққан алғашқы жарысы ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі ең алғашқы дебюті болатын.
Қызылордалық 16 жастағы спортшы 262 келіні (117+145) көтеріп, өз салмағында қарсыластарының бәрін артта қалдырды:
Айта кету керек, Бейбарыс бұған дейін халықаралық немесе ірі континенталдық жарыстарға қатыспаған. Сол себепті бұл жеңіс – күтпеген, бірақ керемет нәтижеге айналды.