Қазақстан Олимпиада отанында үш алтын жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі

Грекия астанасы Афинада өткен халықаралық жүзу турнирінде Қазақстан құрамасы сегіз медаль жеңіп алды. Бұл Олимпиада ойындарының тарихи отанында өтіп, жүзу спортының үздіктерін жинаған беделді дода еді.

Қазақстан Олимпиада отанында үш алтын жеңіп алды
olympic.kz

Бірінші орынға үш қазақстандық спортшы көтерілді:

  • Әділбек Мусин — 100 метр баттерфляй
  • Ксения Игнатова — 100 метр және 200 метр арқамен жүзу

Ксения екі қашықтықта да қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, жарыстың басты қаһармандарының біріне айналды. Ал Мусин өз стилінде сенімді жүзуді көрсетті.

Әділбек Мусин сонымен қатар 50 метр баттерфляйда екінші орын иеленіп, қос медальмен оралды. Тағы екі күміс жүлдені:

  • Айбат Мырзамұратов — 100 метр брасс
  • Аделаида Пчелинцева — 50 метр брасс бойынша жеңіп алды.

Қола медальдар да назардан тыс қалған жоқ:

  • Максим Сказобцов — 100 метр баттерфляй
  • Айбат Мырзамұратов — 50 метр брасс
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір