
Қазақстандық шахматшылар Ұлыбритания Парламентінде алғаш рет тарихи матч өткізді – Лордтар, премьер-министрдің экс-кеңесшісі және парламент қызметкерлері біздің гроссмейстерлермен тақтада сайысты.
Ұлыбритания Парламенті алғаш рет шетелдік командамен шахмат матчын қабылдады. Лордтар палатасы мен Вестминстер қызметкерлерінен құралған команда Қазақстан құрамасымен тақтада сайысты. Матч Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің бастамасымен және Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.
Бұл – халықаралық дипломатия мен интеллектуал спорттың тоғысқан тұсы. Жоғары саяси деңгейде өткізілген алғашқы шахмат кездесуі ретінде тарихқа енді.
Қазақстан шахмат делегациясының құрамында елдің танымал гроссмейстерлері болды:
Ұлыбритания атынан матчқа қатысқан беделді тұлғалар қатарында:
Матч соңында Қазақстан делегациясы Вестминстер ғимараты бойынша арнайы экскурсияға шақырылды. Шахматшылар еңбек нарығындағы өзгерістер мен жасанды интеллекттің дамуына қатысты жұмыс тобы отырысына қатысты. Бұл – спорт пен қоғам арасындағы өзара байланыстың тағы бір көрінісі.
Қазақстан делегациясының сапары тек Парламент матчымен шектелмейді. Олар 10–16 маусым аралығында Лондонда өтіп жатқан 2025 FIDE World Rapid & Blitz Team Championships турниріне қатысады. Бұл – шахматтың рапид және блиц форматындағы командалық әлем чемпионаты.
KazChess құрамасы:
Команда капитаны: KazChess атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова.