Қасым-Жомарт Тоқаев Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға жаңа атақ берді

Сарапшы, спорт журналисі

Отандасымыз финалда Өзбекстан балуаны Алишер Ганиевті 9:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңген еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға жаңа атақ берді
Сурет: Instagram/tokayev_online

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватияның Загреб қаласында өткен күрес түрлері бойынша Әлем чемпионатындағы жоғары жетістіктері үшін бірқатар спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

«Құрмет» орденімен марапатталды:

Айдос Сұлтанғали – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы;

Нұрқожа Қайпанов – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы;

Камал Гаджимагомедов – ҚР Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының жаттықтырушы-оқытушысы.

 «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді:

Асылжан Есенгелді – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы;

Еркебұлан Кешубаев – Алматы қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жаттықтырушысы.

Президенттің Алғысы жарияланды:

Юрий Мельниченко – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясының жаттықтырушысы.

Айта кетейік, 60 келіге дейінгі салмақта күрескен отандасымыз финалда Өзбекстан балуаны Алишер Ганиевті 9:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша әлем чемпионы деген атақты иеленді.

Айдос Сұлтанғали бұған дейін 2018 және 2022 жылдары екі мәрте Әлем чемпионатының қола жүлдесін алған.

Соңғы рет қазақстандық балуандар грек-рим күресінен 1999 жылғы Әлем чемпионатында алтын медаль иеленген еді. Ол кезде 63 келіге дейінгі салмақта Мхитар Манукян чемпион атанған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 4
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір