АҚШ президенті Дональд Трамптың 18 жастағы немересі — Кай Трамп LPGA Tour аясындағы алғашқы кәсіби турнирінде сәтсіз өнер көрсетті. Жас гольфшы соңғы орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Кай Трамп турнирге демеушілердің арнайы шақыруымен қатысқан. Турнир алдында ол өзіне басты мақсат ретінде тәжірибе жинауды қойған.
«Майами университетіне енді ғана түскен мені әлеуметтік желідегі танымалдылығымнан көп адам танып қойды. Беллэйр қаласындағы Pelican гольф-клубында күні бойы ең көп назар маған ауды», — деп жазды GolfDigest75.
Турнир қорытындысы бойынша Кай Трамп 108 ойыншының ішінде 108-орын алды. Сайыс аяқталған соң ол эмоциясын жасырмай былай деді:
«Күткендегіден қатты толқыдым. Бірақ жақсы соққылар көп болды. Өкініштісі, олар дұрыс бағытқа кетпеді», — деді жас гольфшы.
Сондай-ақ ол нәтижесіне қатысты көңілі түспегенін, керісінше ерекше әсер алғанын айтты.
«Мен мүлде ренжігенім жоқ. Керемет уақыт өткіздім», — деп түйіндеді Кай.