Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстандық дзюдошылар Сурдлимпиада ойындарын cәтті бастады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық дзюдошылар Сурдлимпиада ойындарының алғашқы күнінде екі алтын және екі қола медаль жеңіп алды.

Қазақстандық дзюдошылар Сурдлимпиада ойындарын cәтті бастады
Сурет: ашық дереккөздерден

XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстанның дзюдодан ұлттық құрама командасы жарысты тамаша бастап, екі алтын және екі қола медальға қол жеткізді.

Қоржынға екі бірдей алтын кірді

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Хамзе Ғұлама финалдық белдесуде алжирлік спортшы Бухидель Абдеррахманды иппонмен таза жеңіп, Сурдлимпиада чемпионы атанды.

73 келіге дейінгі салмақта ел қоржыныna екінші алтынды Шадияр Қуандық салды. Ол финалда кореялық дзюдошы Хванг Хёнды иппонмен ұтып, жоғары шеберлік пен белдесу соңына дейінгі барынша жинақылықтың жарқын үлгісін көрсетті.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Айым Жетпісбаева жұбаныш белдесуінде түркиялық спортшы Элиф Кючукарсланды жеңіп, Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

60 келіге дейінгі салмақта Алтынбек Кәкітаев жұбаныш белдесуінде нидерландық спортшы Альберт Вестерхофты айқын басымдықпен жеңіп, Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдесіне ие болды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің төрағасы Серік Сәпиевтің айтуынша, жарыстың осындай сәтті басталуы бүкіл құраманың рухын көтеріп, Қазақстанның жалпыкомандалық медаль кестесіндегі позициясын нығайта түседі. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша қазақстандық дзюдошылардың еншісінде төрт жүлде бар: екі алтын және екі қола медаль. Спортшылар өз өнерін өзге салмақ дәрежелерінде және басқа спорт түрлерінде жалғастырмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір