Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

17 жастағы қазақстандық спортшы өзбек қарсыласын артта қалдырды

Сарапшы, спорт журналисі

Ядро серпуде отандасымыз алдына жан салмады. 

17 жастағы қазақстандық спортшы өзбек қарсыласын артта қалдырды
sportarena.kz

Эр-Риядта өтіп жатқан Исламиада-2025 жарысында қазақстандық жас көпсайысшы Ирина Конищева ядро серпуде жеңіске жетіп, Өзбекстан өкілін және басқа да мықтыларды артта қалдырды. 

Қазақстан атынан жетісайыс сынға түсіп жатқан 17 жастағы Ирина Конищева керемет көрсеткішке қол жеткізді. Ядро серпуде ол 12.39 метр нәтижемен бірінші орын алды. Екінші орын — ирандық Фатемех Мохитизадех (11.93). Үшінші орын — Өзбекстан спортшысы Угилой Норбоева (11.91).

200 метрлік жарыста да үздік үштікте

Жетісайыс бағдарламасының екінші кезеңінде — 200 метрлік спринтте — Ирина Конищева 25.89 секундпен үшінші орын алды.

Бұл қашықтықта жеңіс Иран спортшысына бұйырды:

  • 1-орын — Фатемех Мохитизадех (25.40)
  • 2-орын — Саба Хоросани Заварехвар (25.47)
  • 3-орын — Ирина Конищева (25.89)
  • 4-орын — Угилой Норбоева (Өзбекстан) — 26.77

Ирина ядро серпудегі жеңіс пен 200 метрдегі мықты нәтиженің арқасында жалпы есепте жоғары орындар үшін таласта қалады.

Алда — шешуші үш сын

Бүгін Исламиаданың жеңіл атлетика бағдарламасы өз мәресіне жетеді. Жетісайысшы қыздар үш финалдық кезеңде жарысады:

  • ұзындыққа секіру
  • найза лақтыру
  • 800 метрге жүгіру

Дәл осы үш сын көпсайыстың жеңімпазын анықтайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір