Қазақстандық гимнасшы ӘЧ финалына шықты
Шешуші кезеңде ол 7-орынға табан тіреп, 11.733 ұпай жинады.
sportarena.kz
Филиппин астанасы Манилада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде қазақстандық гимнасшы Роман Хегай ат снарядындағы жаттығуда финалға шықты.
Қазақстан ҰОК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Роман Хегай ат снарядындағы бағдарламада квалификацияны бесінші нәтижемен аяқтады.
Шешуші кезеңде ол 7-орынға табан тіреп, 11.733 ұпай жинады. Бұл — халықаралық аренаның ең мықты жас спортшыларымен қатар өнер көрсетуге мүмкіндік берген маңызды нәтиже.
Ат снарядындағы финалда жеңіс тұғыры келесідей қалыптасты:
- Ао Чжен (Қытай) – 13.533
- Лерой Траоре-Малатре (Франция) – 13.200
- Нао Ожима (Жапония) – 12.700
Хегай 11.733 ұпаймен үздіктерді қуып жетуге тырысқанымен жүлдеге аздап жетпей қалды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet