Олимпиада-2026: Қазақстандық конькишілер қанша жолдама алды?
Әзірге қоржында оннан аса жолдама бар.
Қазақстан делегациясы Милан–Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына (ОИ-2026) тағы бірнеше жолдама жеңіп алды. Әлем кубогы кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан конькимен жүгіру спортынан төмендегі жолдамаларға ие болды.
Ерлер
-
500 метр — 1 лицензия
Әйелдер
- 500 метр — 2 лицензия
- 1000 метр — 2 лицензия
- 1500 метр — 2 лицензия
- 3000 метр — 2 лицензия
- 5000 метр — 1 лицензия
- Масс-старт — 1 лицензия
- Командалық жарыс — 1 лицензия
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, нақты спортшылардың есімдері мен Олимпиадаға баратын құрам ұлттық құраманың бас бапкері қабылдайтын шешімнен кейін белгілі болады.
Сонымен қатар, қазақстандық шорт-трек спортшылары 9 олимпиадалық лицензия жеңіп алды. Айта кетейік, Қазақстан құрамасының Олимпиададағы жалпы лицензия саны 2026 жылдың қаңтар айының соңында толық анықталады.
Олимпиада-2026 туралы
XXV қысқы Олимпиада ойындары
- Өтетін уақыты: 6–22 ақпан 2026 жыл
- Өтетін жері: Милан және Кортина-д’Ампеццо (Италия)
- Қатысушылар: 93 елден 3500-ден астам спортшы