Бибісара Асаубаева көпмиллиондық сыйақы алды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық шахматшы, блицтен үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева жыл қорытындысында тағы бір мәртебелі марапатқа ие болды. 

Бибісара Асаубаева көпмиллиондық сыйақы алды (ВИДЕО)
instagram/@kzchessfederation

Сыйақыны кім берді?

Қазақстан шахмат федерациясында өткен салтанатты қабылдауда ҚШФ атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова 21 жастағы спортшыға федерация президенті Тимур Турлов тағайындаған арнайы сыйақыны табыстады.

Сыйақы көлемі — 25 миллион теңге. Бұл қаржы Бибісараның әлем чемпионатындағы жеңісі үшін берілген. Яғни, марапат мемлекеттік бюджеттен емес, федерация басшылығы ұсынған арнайы қолдау ретінде рәсімделген.

Tatler Kazakhstan нұсқасы: жылдың үздік спортшысы

Бұған қоса, Бибісара Асаубаева Tatler Kazakhstan журналының нұсқасы бойынша жылдың үздік спортшысы атанып, арнайы жүлде алды.

Еске салайық, желтоқсан айында Бибісара Асаубаева үшінші рет блицтен әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ 2021 жылы рапидтен әлем вице-чемпионы болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір