Қазақстандық спортшы Олимпиаданы жүлдесіз аяқтады

Сарапшы, спорт журналисі

Шорт-тректен еліміздің үздік спортшысы финалдық бәсекеде небәрі жетінші орын алды.

Қазақстандық спортшы Олимпиаданы жүлдесіз аяқтады
Сурет: Сали Сабиров, ҰОК

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Денис Никиша Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында 500 метр қашықтық бойынша B финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды ҰОК.

В финалында жүлделі орын жоқ

Бұл сында спортшылар 6–10-орындар үшін бақ сынады. Никиша үшін шешуші болған жарыс тартысты өтті. Отандасымыз қашықтықты сенімді жүріп өтіп, мәре сызығын екінші болып кесті. Осы нәтижесінің арқасында Денис жалпы есепте жетінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, аталған бағдарламада Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Абзал Әжіғалиев те жарыс жолына шыққан еді. Ол ширек финалға дейін жетіп, жүлдеге таласуға бір қадам жетпей тоқтады.

Ал А финалда жүлделі орындар сарапқа салынды. Бірінші орынды канадалық Стивен Дюбуа иеленді. Нидерланд өкілдері де жоғары нәтиже көрсетті: Йенс ван’т Ваут жеңіске жетсе, Мелле ван’т Ваут жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір