Танымал спортшы жеке өміріне қатысты жарияланымдарға наразы.
Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова өзіне қатысты жарияланған материалдарға байланысты ресми мәлімдеме жасап, жеке өміріне қатысты ақпараттың таралуына қарсылық білдірді.
Алтынбекованың айтуынша, отандық БАҚ-тың бірінде оның отбасылық жағдайына ерекше назар аударылып, "Ажырасқан" деген сипаттама бірнеше рет көрсетілген. Спортшы мұндай ақпаратты таратуға келісім бермегенін жеткізді.
"Менің жеке өміріме қатысты мәліметтерді жариялауға келісім берген жоқпын. Мұндай ақпарат беру ар-намысыма, қадір-қасиетіме және жеке өмірге қол сұқпау құқығыма нұқсан келтіреді", – делінген спортшының мәлімдемесінде.
Волейболшы жарияланған материалдарды:
Белгіленген мерзімде талап орындалмаған жағдайда, Алтынбекова сотқа жүгініп, моральдық өтемақы өндіріп алуға ниетті екенін ескертті.