Аңызға айналған шахматшы өмірден өтті

Сарапшы, спорт журналисі

Әлемдік шахмат тарихында өшпес із қалдырған Нидерланд гроссмейстері Ян Тимман 74 жасында дүниеден озды. Мамандардың бағалауынша, былтыр кәсіби мансабын аяқтаған саңлаудың қазасы – шахмат әлемі үшін ауыр қайғы.

Аңызға айналған шахматшы өмірден өтті
nrc.nl

FIDE: “Мұрасы шахмат тарихында мәңгі қалады”

Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) Ян Тимманның қазасына байланысты көңіл айтып, оны голланд және халықаралық шахматтың ең ірі тұлғаларының бірі ретінде атап өтті. Ұйым Тимманның креативті ойыны, терең стратегиялық түсінігі және жауынгерлік мінезі арқылы көпшілік құрметіне ие болғанын жеткізді.

Ян Тимман тек Нидерландтың емес, тұтас Батыс шахматының символына айналды. Кеңестік гроссмейстерлер үстемдік еткен дәуірде ол көптеген сарапшының пікірінше “Батыстың үздігі” саналды.

Голландиялық шебер әр жылдары FIDE әлемдік рейтингінде 2-орынға дейін көтерілді, Нидерланд чемпионы атанды (9 рет).

1993 жыл: Карповқа қарсы тарихи матч

Тимманның мансабындағы ең есте қаларлық беттердің бірі – 1993 жылғы әлем чемпионы атағына үміткерлер деңгейіндегі шешуші бәсеке. Сол жылы ол әйгілі Анатолий Карповпен кездесіп, матч қорытындысында 8,5:12,5 есебімен жеңіліп қалды.

2005 жылы Ян Тимман Нидерланд құрамасына айрықша үлес қосып, команда Еуропа командалық чемпионатында алтын медаль иеленген кезеңде тәжірибесімен және шеберлігімен көзге түсті.

Шахмат журналистикасы мен теориясына қосқан үлесі

Ян Тимман спорттық жетістіктерімен ғана емес, шахмат публицистикасы мен теориясын дамытуға да көп еңбек сіңірді. Ол түрлі талдамалық мақалалар жазып, кітаптар шығарды. Бұл еңбектер бүгінге дейін көптеген кәсіби ойыншы мен әуесқой үшін маңызды оқу құралы ретінде бағаланады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір