Қазақстан Өзбекстанды артта қалдырды

Сарапшы, спорт журналисі

Құрамалар арасында кездесуде жеңіске жетудің арқасында Қазақстан құрамасы Азия кубогына жолдама алды.

Қазақстан Өзбекстанды артта қалдырды
olympic.kz

Астанада 18 жасқа дейінгі қыздар арасында баскетболдан өткен Азия кубогының іріктеу турнирі Қазақстан құрамасының сенімді жеңісімен аяқталды.

Орталық Азия елдері арасында өткен іріктеу кезеңіне Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан құрамалары қатысты.

Қазақстан құрамасы екі ойында да қарсыластарынан басым түсіп, топ жеңімпазы атанды.

Алғашқы матч — сенімді жеңіс

Қазақстандық баскетболшылар алғашқы ойында Қырғызстан құрамасын 75:34 есебімен жеңді. Бұл матчта команда толық басымдық танытты.

Ал Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кездесуде 89:41 есебімен жеңіске жетті. 

Турнир қашан өтеді?

Азия кубогы 2026 жылдың қыркүйек айында Таиландта өтеді.