Қазақстан құрамасының көшбасшылары "Қайраттан" кетеді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан футзал құрамасының негізгі ойыншылары Біржан Оразов пен Дәурен Тұрсағұлов "Қайрат" клубынан кетуге жақын.

Қазақстан құрамасының көшбасшылары "Қайраттан" кетеді
vesti.kz

Келісімшарт неге ұзартылмады?

Ақпарат көздерінің мәліметінше, футзалшылардың “Қайратпен” жасасқан келісімшарттары 2025/2026 маусымының соңында аяқталады. Алайда тараптар жаңа келісімге келе алмаған.

Осыған байланысты Қазақстан құрамасының көшбасшылары клуб ауыстыру туралы шешім қабылдаған. Қос ойыншы келесі маусымда “Семей”сапында өнер көрсетуі мүмкін.

Ресей клубтары да қызығушылық танытқан

Бұған дейін Оразов пен Тұрсағұловқа Ресейдің екі клубы қызығушылық білдіргені хабарланған. Соған қарамастан, ойыншылар шетелге кетпей, мансаптарын Қазақстанда жалғастыруды жөн көрген.

Егер бұл трансфер ресми түрде жүзеге асса, “Семей” клубы айтарлықтай күшеймек. Себебі Біржан Оразов пен Дәурен Тұрсағұлов — ұлттық құраманың тәжірибелі әрі нәтижелі ойыншылары.