ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Данияр Елеусінов отбасымен бірге Қазақстаннан кетіп қалды

Кәсіпқой боксшы, Рио-де-Жанейро Олимпиадасыының чемпионы Данияр Елеусінов отбасымен бірге АҚШ-та жүргенін көрсетті.

Данияр Елеусінов отбасымен бірге Қазақстаннан кетіп қалды
instagram/@yeleussinovdaniyar

Майамиге бағыт

Боксшы Instagram желісіндегі парақшасында Майамиден видео жариялаған. Кадрлардан Елеусіновтың отбасы мүшелерімен бірге көлікпен қала көшелерінде жүргенін байқауға болады.

Жарияланымдағы геолокацияға сәйкес боксшы қазіргі уақытта Майамиге жақын Кендалл ауданында жүр.

Шілдедегі оқиға

Еске салайық, биыл шілде айында Данияр Елеусінов Астанада жол-көлік оқиғасына байланысты полицияға жеткізілген еді.

Іс материалдарында боксшының Toyota Land Cruiser тізгінінде мас күйде болғаны және бірнеше көлікке соғылғаннан кейін оқиға орнынан кетуге әрекет жасағаны айтылған.

Жол апатынан адамдар зардап шеккен жоқ. Дегенмен бірнеше автокөлікке айтарлықтай материалдық шығын келген.

Сот отырысында Елеусінов өз кінәсін толық мойындады. Астананың мамандандырылған соты оған 20 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындап, жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.