ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Азиада-2026: Қазақстан алғашқы жарыс күнінде төрт алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнін алты медальмен аяқтады.

Азиада-2026: Қазақстан алғашқы жарыс күнінде төрт алтын медаль жеңіп алды
Спортты дамыту дирекциясы

Рината Сұлтанова Қазақстанның алғашқы алтынын алды

Қазақстан қоржынына Азиада-2026 ойындарындағы алғашқы алтын медальді велошабандоз Рината Сұлтанова салды. Ол тасжолдағы әйелдер арасындағы жекелей жарыста 36 минут 23,72 секунд нәтиже көрсетіп, қарсыластарынан озып кетті.

Жүлдегерлер:

  1. Рината Сұлтанова (Қазақстан) — 36:23.72;
  2. Чжан Хао (Қытай) — 36:28.40;
  3. Син Джиын (Оңтүстік Корея) — 36:56.14.

Рината Сұлтанова Қазақстанның алғашқы алтынын алды

Бұл — Сұлтанованың Азия ойындарындағы екінші жүлдесі. Ол бұған дейін Ханчжоудағы Азиадада дәл осы бағдарламада қола медаль иеленген. 

Алексей Луценко тарихи жетістігін жалғастырды

Қазақстанға екінші алтынды тәжірибелі велошабандоз Алексей Луценко әкелді. Ол ерлер арасындағы жекелей сында мәреге 41 минут 24,05 секундта жетіп, чемпион атанды.

Үздік үштік:

  1. Алексей Луценко (Қазақстан) — 41:24.05;
  2. Сюнсукэ Имамура (Жапония) — 42:58.04;
  3. Сайнбаяр Джамбальямц (Моңғолия) — 42:58.06.

Алексей Луценко тарихи жетістігін жалғастырды

Осылайша Луценко Азия ойындарындағы бесінші алтын медалін жеңіп алды. Қазақстандық спортшы жекелей жарыста қатарынан төртінші Азиадада топ жарды.

Сұлтанова мен Луценконың жеңісінен кейін Қазақстан құрамасы тасжол велоспортында "алтын дубль" жасады.

Жоламан Биғабыл каратэден чемпион атанды

Үшінші алтын жүлдені каратэші Жоламан Биғабыл иеленді. 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық финалда өзбекстандық Хумоюнмирзо Халимовты 9:1 есебімен ойсырата жеңді.

Жоламан Биғабыл каратэден чемпион атанды

Биғабыл жарыс жолын тәжікстандық Махсатулло Муминовты 7:0 есебімен ұтудан бастады. Жартылай финалда индонезиялық Мухаммад Жануардан 6:1 есебімен басым түсті.

Софья Берульцева Азиада чемпионы атағын қорғады

Қазақстанның төртінші алтынын Софья Берульцева жеңіп алды. Ол әйелдер арасындағы 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінің финалында таиландтық Майсу Бутсуванды 8:0 есебімен жеңді.

Софья Берульцева Азиада чемпионы атағын қорғады

Берульцева осымен екінші рет қатарынан Азия ойындарының чемпионы атанды. Қазақстандық каратэші бұған дейін Ханчжоудағы Азиадада да алтын жүлде місе тұтқан. 

Арлан Жаңабай алғашқы медальді сыйлады

Қазақстанның Азиада-2026 ойындарындағы алғашқы жүлдесін триатлоншы Арлан Жанабай жеңіп алды. Ерлер арасындағы жекелей жарыста ол 53 минут 11 секунд көрсеткішпен үшінші орынға тұрақтады.

Жүлдегерлер:

  1. Ходзе Такуми (Жапония) — 52:56;
  2. Чжан Сижуй (Қытай) — 53:05;
  3. Арлан Жаңабай (Қазақстан) — 53:11.

Жарысқа қатысқан тағы бір қазақстандық Аян Бейсенбаев тоғызыншы болып мәреге жетті.

Қазіргі бессайыс құрамасы қола алды

Қазақстанның ерлер құрамасы қазіргі бессайыстан командалық есепте қола жүлдеге ие болды. Бұл нәтиже ел қоржынына алғашқы жарыс күніндегі алтыншы медальді түсірді.

Қазақстанның 20 қыркүйектегі медальдары

Алтын: Рината Сұлтанова — велоспорт;
Алтын: Алексей Луценко — велоспорт;
Алтын: Жоламан Биғабыл — каратэ;
Алтын: Софья Берульцева — каратэ;
Қола: Арлан Жаңабай — триатлон;
Қола: Қазақстан ерлер құрамасы — қазіргі бессайыс.
Бұл туралы не ойлайсыз?