Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық таеквондошы Париждегі Гран-приде қола жүлде жеңіп алды

Финалға шығу үшін өткен кездесуде Севостьянова Бразилия спортшысы Мария Клара Пачекомен кездесті.

Қазақстандық таеквондошы Париждегі Гран-приде қола жүлде жеңіп алды
olympic.kz

Қазақстан құрамасының таеквондошысы Мария Севостьянова Франция астанасы Парижде өткен Гран-при кезеңінде қола медаль иеленді.

Қазақстандық спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, турнир барысында үш кездесуінде жеңіске жетті.

Алғашқы екі қарсыласын 2:0 есебімен ұтты

Севостьянова жарысты Қытай Тайбэйінің өкілі Вэй Чунь Линьге қарсы бастады. Қазақстандық таеквондошы қарсыласын 2:0 есебімен жеңді.

Келесі айналымда ол Венгрия спортшысы Лука Патакфалвиден де дәл осындай есеппен – 2:0 басым түсті.

Ширек финалда Мария Севостьянова Өзбекстан өкілі Мадина Мирабзаловаға қарсы шықты. Қазақстандық спортшы бұл жекпе-жекте де 2:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Финалға шығу үшін өткен кездесуде Севостьянова Бразилия спортшысы Мария Клара Пачекомен кездесті. Бұл жолы қазақстандық таеквондошы 0:2 есебімен жеңіліп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Гран-при финалы Астанада өтеді

Таеквондодан Гран-при сериясының финалы 27-29 қараша аралығында Астанада өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?