Ресейлік олигарх Алишер Усманов «Эвертон» клубының иесі Фархад Мошириге тиесілі компанияны сотқа берді.
Соның кесірінен мерсисайдтық клубтың сатылымы енді айтарлықтай қиындай түсуі мүмкін. The Athletic басылымының хабарлауынша, іс Мәскеудеге арбитраждық сотта қаралады. Ол жабық режимде өтеді.
Жалпы, Усманов біраз жыл бойы «Эвертонның» жақын досы саналып келді. Тіпті клуб иесі ретінде де аталып жүрді.
Усмановтың компаниялары «Эвертонмен» демеушілік келісімшарт (жылына 12 миллион фунт стерлинг) жасасып, 30 миллион фунт стерлингке жаңадан салынуы керек стадионның атауын өзгерту құқығын иеленді.
Алайда көп ұзамай 70 жастағы өзбек Ұлыбритания, АҚШ пен Еуроодақ тарапынан санкцияға ілінді.
Өз кезегінде Мошири Усмановқа тиесілі USM Holdings компаниясының президенті болу арқылы зор дәулетке кенелді. Бірақ Алишер Усманов санкцияға ұшырағаннан кейін аталған қызметінен кеткен болатын.