«Манчестер ситидің» қаржылық фэйр-плей ережесін бұзуына қатысты іс дүйсенбі қаралады
Клубтың кінәсі дәлелденсе, Премьер-лигадан шеттетілуі мүмкін.
AlSport.kz
Былтыр ақпанда ағылшындық клуб 2009-2018 жылдар аралығы 115 рет қаржылық қитұрқылықтарға барды деген айып тағылған еді. Дәл сол кезеңде «Сити» ел біріншілігінде үстемдік етіп, 3 рет Премьер-лиганы жеңген болатын.
Десе де, клуб басшылығы тағылған айыптарды мойындаудан толығымен бас тартып отыр. Сондықтан дүйсенбі күні тәуелсіз комиссия алдында өз мүддесін қорғамақ ниетте.
Айта кетейік, егер «Сити» айыпты деп танылса, клубтқа бірқатар санкция салынуы мүмкін. Тіпті Премьер-лигадан да шеттетілуі ықтимал.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet