Lynk&Co мен Meizu геймерлерге арналған электркар ұсынды

Редактор Penalty.kz
29.09.2024, 15:46

Жылжымалы ойын станциясын нарыққа шағын ғана тиражбен шығару көзделген.

Lynk&Co мен Meizu геймерлерге арналған электркар ұсынды
kolesa.kz

Lynk&Co мен Meizu бірлесіп жасаған көлік Starbuff деп аталады. Ерекшелігі сол, салон ойын станциясына айнала алады. Шектеулі санмен сатылымға шығатын электркардың бағасы 16.5-22.5 млн теңге болады деп күтілуде. 

Жоба авторларының айтуынша, геймер үшін бұл көлікте барлық жағдай жасалған. Артқы оң жақ жолаушы орнында 17 дюймдік AMOLED дисплейі бар Samsung мониторы, пернетақта мен тінтуірге арналған жиналмалы үстел орнатылған. Сондай-ақ электркарды қарапайым көлік ретінде пайдаланғанда құрылғыларды салатын қалталар қойған.

Ойын станциясы AMD Ryzen V2000A процессорымен және AMD Radeon RX 6600M видеокартасымен жабдықталған. Одан бөлек бір терабайт қатқыл диск, сұйықтықпен салқындату жүйесі және 5G модем тұр. 

Жалпы, бұл станцияда тек ойын ойнап қана қоймай, жұмыс істеуге де толық мүмкіндік бар.
 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір