Кениялық легионер Франциядағы жартылай марафонда топ жарды
Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.
NUR.KZ
Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Дэйзи Джепкемей Францияның Бельфор қаласында өтіп жатқан жартылай марафонда жеңіске жетті.
Спортшы белгіленген межені 1 минут 07:54 секундта жүгіріп өтті. Ал угандалық Аннет Челангат мәре сызығын 01:09:58 секундта кесіп өтіп, екінші орын иеленді. Эфиопиялық Меселу Кахсай болса, 01:10:18 секундтық нәтижемен қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, Дэйзи Джепкемей Париж Олимпиадасында 3000 метрге кедергілермен жүгіруден сынға түсіп, финалдық кезеңге шыға алмаған еді. Ал 10 000 метрге жүгіруде 17-ші болып келген болатын.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet