ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

Бразилия құрамасының ойыншысы қазақстандық клубқа ауысуы мүмкін

Ірі трансфер туралы Futsal legends телеграм-арнасы хабарлады. 

Бразилия құрамасының ойыншысы қазақстандық клубқа ауысуы мүмкін
ogol.com.br

Қазақстандық клуб Бразилия құрамасының ойыншысын сатып алуға жақын. Futsal legends ақпары бойынша футзалдан Бразилия құрамасының ойыншысы Марселге "Семей" клубы ұсыныс жасаған. 

Жуырда ғана әлем чемпионы атанған футзалшы бұл ұсынысты қабыл алса, көп ұзамай ол Феррао мен Игитаға қосылуы мүмкін. 

Айта кетейік, қазір "Эль Посо" клубы сапында өнер көрсетіп жүрген Марсел Өзбекстанда өткен әлем чемпионатында үздік бомбардир атанды. Ол Бразилия құрамасы сапында 7 матч өткізіп, 10 гол соқты. Осыған байланысты "Алтын бутсыға" ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.