ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Қазақстандық гимнастшылар халықаралық жарыста жүлдеге ілікті

Қоржынымызда 9 медаль. Оның 4-еуі алтын. 

Қазақстандық гимнастшылар халықаралық жарыста жүлдеге ілікті
Sports24.kz

Гонконгта эстетикалық гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өтті. Оған 13 мемлекеттің өкілі қатысты. Араларында қазақстандық спортшылар да бар. 

12 және 14 жас аралығындағы қыздар бәсекесінде ұлттық құрама өкілдері сәтті өнер көрсетті. Әсіресе, астаналық гинасшылар бәсекелестік деңгейі жоғары саналатын командалық сында екінші орынға тұрақтады. Ел намысын Самира Таубаева, Айя Амангельді, Асель Бегалы, Малика Бірімжар, Айя Елеусінова, Рамина Рахымбаева және Лунара Қалтаев қорғаған болатын. Команда капитаны - Жасмин Жұманова. 

Осы санаттағы негізгі бәсеке Қазақстан, Сингапур және Ресей командалары арасында болды. Жүлдеге ілікккен спортшыларды елорда әуежайынан достары, туыстары және жанкүйерлері күтіп алды.
 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.