Аслан Қаженов: Қазақ деп жүрегі соқпайтын мамандар барда ешқашан оңбаймыз

Редактор Penalty.kz
30.10.2024, 21:34

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов Instagram желісіндегі парақшасында спорт қорымен болған келеңсіз жағдайды жайып салды. 

Аслан Қаженов: Қазақ деп жүрегі соқпайтын мамандар барда ешқашан оңбаймыз
Aikyn.kz

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов Instagram желісіндегі парақшасында спорт қорымен болған келеңсіз жағдайды жайып салды. Мәселе - жеңіс тұғырына көтерілген жерлестеріміз жайлы комикс кітап шығарумен байланысты. Әу баста, бұл бастаманы қолдайтын болып келіскен спорт қоры енді сөзін кері алғанға ұқсайды. 

«К*тім ашып келеді. Париж олимпиадасындағы нәтижені білесіз. Одан кейін жағдайды қалай түзейміз деп шыр-пыр болып жүрміз. Сөйтіп, неге еліміздің намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырына көтерілген жерлестеріміз туралы комикс кітаптар шығармасқа деген идея келді. Жастар мен жасөспірімдер үшін керемет мотивациялық құрал. Спортшыларымызға да жақсы қолдау. Оның үстіне, бұндай бастама әлемде бұрын-соңды болмаған.

Сөйтіп, суретшілер мен авторлардың басын қосып іске кірістік. Жобамызды спорт қоры да қолдайтын болып, ауызша келісімін алдық. Процесc сәтті жүзеге асып жатқан. Енді аяғына келгенде әлгілер сөзден секіріп жатыр. Тығырыққа тірелдік. Жарайды, ақша бермей-ақ қойыңдар. Мен өзім-ақ көлігімді сатсам да, телефонымды сатсам, тіпті, несие алып болсын, осы жобаны соңына дейін жеткіземін. Оны біреуге дәлелдеу үшін емес, қазақ балалары үшін керек нәрсе болғасын соңына дейін барам. Бірақ, оны сендер, сорлылар, түсінбейсіңдер. Өрелерің жетпейді», - деп жазды Қаженов.

Журналистің айтуынша,  әлгі қолдаушылардың «кітап не үшін қажет?», «кітап спортты қалай дамытады?» деген сөздері ауыр тиген. Сонымен қатар, ол «Халықтың ақшасын ауаға шашатын қорлар барында және оның басы-қасында орысша сөйлейтін, орысша ойлайтын, қазақ деп жүрегі соқпайтын мамандар барында ешқашан оңбаймыз» деген де пікір білдірді.

«Ең көтті ашытқаны – «кітап не үшін қажет?», «кітаптың спортқа не қатысы бар?», «кітап спортты қалай дамытады?» дегені. Оны еще орысша араластырып жеткізеді. Бләәә. Жыл сайын дәл осы қордан қайдағы жоқ клубтарға, әсіресе, сол клубтардағы легионерлерге ондаған млрд тг шығады. «Барыс» хоккей клубына 8 млрд тг, «Астана» футбол клубына 4 млрд тг, «Астана» велоклубына 5 млрд тг, «Астана» баскетбол клубына 1,2 млрд тг деп кете береді. Біз білмейтініміз қаншама?! Ай сайын 30-40 млн тг алатын келімсектер бар. Тіпті, оларды елдеріне қайтарғаны үшін де жүздеген млн тг өтемақы төлеп жатсыңдар. Барлық ақша шетелге шығуда. Соларға неге айтпайсыңдар «на*рена қажетсіңдер» деп. Дым иделогия жоқ. Дым даму жоқ. Дым намыс жоқ. Нағыз сорлымыз. Нағыз бейшарамыз.», - деп жанайқайын жеткізді танымал журналист.  
 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір