Халықаралық жарыс санаулы күннен кейін шымылдығын түреді.
Қараша айында семсерлесуден Қазақстан құрамасы бірнеше Әлем кубогы кезеңдерінде бақ сынайды. Жаттықтырушылар штабы бұл жарыстарға қатысатын құрамды жасақтап қойған.
Шпагашылар төрт Әлем кубогы кезеңіне және бір оқу-жаттығу жиынына қатысады. Бұл туралы olympic.kz сайты хабарлады.
Әлем кубогы кезеңі Бернде (Швейцария) 8-10 қараша аралығында өтеді.
Бұл жарысқа Эльмир Әлімжанов, Александр Федотов, Алексей Касаткин, Руслан Құрбанов, Богдан Лукин, Кирилл Павлов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Георгий Тинников, Никита Жулинский қатысады.
Әйелдер арасындағы Әлем кубогы кезеңі 8-10 қараша күндері Фуджейрада (БАӘ) өтеді.
Бұл жарысқа Владислава Андреева, Каролина Фомина және Кристина Фомина, Виктория Кайдарова, сондай-ақ Лязат Карипова, София Николайчук, Наталья Зинякова қатысады.
Ал 11-18 қараша аралығында Спалада (Польша) ерлер құрамасының оқу-жаттығу жиыны өтеді.
21-24 қарашада Ванкуверде (Канада) ерлер арасындағы Әлем кубогы болады. Оған Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, сондай-ақ Кирилл Павлов сынды спортшылар қатысады.
29 қараша - 1 желтоқсан аралығында Гонконгта жастар арасында Әлем кубогы кезеңі өтеді. Бұл жарысқа қатысатын қазақстандық спортшылар тізімінде Нұржан Әбжанов, Алексей Касаткин, Касен Ансар, Богдан Лукин, Кирилл Проходов, Георгий Тинников, Уәлихан Нариман және Жанарбек Жанұзақов бар.
Сонымен қатар саблистерде Әлем кубогында өнер көрсетеді.
7-10 қараша аралығында Алжирдің Оран қаласында ерлер мен әйелдер арасында Әлем біріншілігі өтеді. Жарысқа шығатын сайыскерлер тізімі: Артем Саркисян, Назарбай Саттархан, Жанат Нәбиев, Бақдәулет Құралбекұлы, Қуаныш Эргашбай, Карина Доспай, Әйгерім Сарыбай, Анастасия Гулик, Жасмин Капыджы.