Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Белгілі комментатор 2021 жылы 52 жасында қайтыс болған еді.
Амангелді Сейтханның ұлы Бегасыл Сейітхан әкесі жайлы жүрекжарды естелігімен бөлісті. Оның айтуынша, Амангелді Сейтхан адалдық пен жауапкершілікті өмірінің басты қағидасы етіп ұстанған.
«Адам өзін тәртіпке бағындыра алуы керек. Таңғы жетіге оятқыш қойдың ба, жетіде тұр. Кез-келген жерге айтқан уақытыңда бар, ешкімнің уақытын алма деп айтатын. Көлікте отырғанда радиодан ертегілерді қосып, кейін мазмұнын сұрайтын. Осылайша бізді ертегі мен кітап оқуға баулыды»,– деп еске алады ұлы.
Амангелді Сейтханның шығармашылық пен рухани байлығына деген сүйіспеншілігі ерекше болған. Қиын сәттерде ол жауаптарды Абайдың қара сөздері мен шығармаларынан іздеген. Сонымен қатар, айтысты ерекше ықыласпен тыңдап, қазақ тілінің қоғамдағы орнын жоғары бағалаған.
«Қазақ тілінің қоғамдағы орны биік болғанын армандайтын. Бізге қазақша сөйлеңдер деп айтып отыратын», – дейді ұлы.