Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

Футболда легионерден түбегейлі бас тарту дұрыс па, бұрыс па?

Редактор Penalty.kz
05.12.2024, 23:09

Келер жылдан бастап Қазақстанның футбол клубтары да легионерлерге мемлекет қаражатынан жалақы төлей алмайды.

Футболда легионерден түбегейлі бас тарту дұрыс па, бұрыс па?
ru.sputnik.kz

Қазір облыстық спорт басқармаларынан ҚПЛ командаларына осы мәселеге қатысты тиісті хат жолданып, тыйым салынғаны жөнінде хабарлама түскен, деп жазады aladop.kz.

Яғни, ел чемпионатындағы «Қайраттан» басқа клубтардың барлығы облыс бюджетінен қаржыландырылатынын ескерсек, бұл шектеуден үлкен мәселе туындайтыны анық. Тек демеушілер тарапынан легионерлерге жалақы беруге көп команданың мүмкіндігі жетпейді. Сонда не істемек керек? Келер маусымда ҚПЛ Бірінші лигаға айналмай ма деген қауіп те бар!? Ел чемпионатының деңгейін көтеретін Жоау Паулу, Марин Томасов, Джефри Чиннеду, Ахмед Эль-Мессауди секілді шетелдің аяқдопшылары! Оны мойындауымыз керек.

Жалпы легионер деген бүкіл әлемде бар тәжірибе. Тіпті, ала доп шеберлерінің отаны Бразилия клубтарының өзінде легионер бар. Олардан түбегейлі бас тарту асығыс шешім секілді. Бұл қазақ футболының проблемасын шешпейді. Жоқ, ел чемпионатында сырт елдің футболшылары ойнауы керек деген ұғымнан да аулақпыз. Дегенмен, мұндай өзгерістерге кезең-кезеңімен жету керек сияқты.

Мәселен, алдымен әр клубқа тіркелетін легионерлердің санын шектеп, белгіленген мөлшерде жалақы тағайындау секілді талап енгізу керек. Сонда қазіргідей кім көрінген келімсек Қазақстанға келмес еді. Барлық команда тек мықты футболшыларды қатарына қосуға ұмтылады.

Қалай болғанда да легионерсіз ішкі біріншіліктегі бәсекелестік төмендеп, чемпионаттың деңгейі құлдырайды. Париж Олимпиадасындағы сәтсіздікке қазақ футболының не жазығы бар? Сондықтан, футболға келгенде осы мәселені әлі де таразылап, жан-жақты талқылап, талапты басқа жағынан күшейту қажет. Сіз қалай ойлайсыз?

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір