ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Азаматтығын ауыстырған ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан чемпионы атанды

Экс-ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Қазақстан чемпионатында қысқа бағдарламада жеңімпаз атанды.

Азаматтығын ауыстырған ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан чемпионы атанды
sport24.ru

Төрешілер Софьяға 57,60 ұпай берді. 

София Фарафонова 50,51 нәтижесімен екінші орынға табан тіресе, үздік үштікті Анна Левковец (49,02) түйіндеді. 

Самоделкина биылғы маусымда жасөспірімдер арасындағы ISU жарыстарына қатысып, Анакарадағы кезеңде төртінші орыннан көрінді. Ал екінші кезеңге қатыса алмағандықтан жасөспірімдер арасындағы “Гран-при” финалынан тыс қалды. 

Мәнерлеп сырғанау. Қазақстан чемпионаты. Қысқа бағдарлама. Әйелдер:
1. Софья Самоделкина — 57,60
2. София Фарафонова — 50,51
3. Анна Левковец — 49,02.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.