Шорт-трекшілер Сеулдегі World Tour сериясында бесінші орын алды
Оңтүстік Кореяда шорт-тректен World Tour сериясының кезеңі мәреге жетті.
Қазақстан ерлер құрамасы халықаралық турнирдің эстафеталық бәсекесінде бесінші уақыт көрсетті.
Денис Никиша, Глеб Ивченко, Әділ Ғалиахметов, Мерсади Жақсыбаев В финалында жеңіске жетіп, жалпы есепте бесінші сатыға табан тіреді.
Сонымен қатар B финалында әйелдер эстафеталық командасы сынға түсті. Яна Хан, Ольга Тихонова, Мәдина Жанбосынова, Алина Әжғалиева мәреге екінші келді. Олар әлемдік хаттамада жетінші орынға тұрақтады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.