Манчестерлік дерби кезінде жанкүйер көз жұмды
Англия Премьер-лигасының 16-турында өткен “Манчестер Сити” мен “Манчестер Юнайтед” (1:2) арасындағы матч барысында қайғылы жағдай тіркелді.
"Этихад” стадионында жанкүйерлердің бірі қайтыс болды. “Манчестер Сити” клубы бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасап, қайғыға ортақтасатындарын жеткізді.
"Матч кезінде жанкүйеріміздің көз жұмғаны туралы ауыр хабар жетті. Барша клуб атынан марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз”, – делінген клубтың X әлеуметтік желісінде.
Матч 15 желтоқсанда өткен. Оның қорытындысы бойынша “Манчестер Юнайтед” жеңіске жетті.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.