Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Ұлттық спорт жоғары мектебі жылды қорытындылады.
Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев көкпар аттарын даярлауға қатысты мынадай пірік айтты.
“Аттарды допингке қарсы тексеруді жолға қою үшін Түркиядағы ғылыми зерттеу лабораториясымен келіскен болатынбыз. Бірақ көшпенділер ойындарына дейін іске асырып үлгермедік. Дегенмен алдағы жоспарымыздың бірі болып қалып отыр. Қазақстандағы жылқы тұқымдарының ішінде әлемге ең танымалы – Қостанай жылқысы. Болашақта осы Қостанай жылқысын будандастыру арқылы көкпардың, аударыспақтың, теңге ілудің аттарын шығарсақ деген жоспарымыз бар. Қостанай зауыты осындай жоба ұсынып жүр. Қазір біз мықты ат керек болса Қырғызстан мен Ресейден әкелеміз. Бәйге аттарын да тек шетелден алып жатырмыз. Олай болмау керек. Өзімізде бар жылқының тұқымын дұрыс пайдалана алмай отырмыз”, - дейді федерация өкілі.
Сонымен бірге ол бір жыл бұрын құрылған Ұлттық спорт жоғары мектебінің Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық кезінде көп көмегі тигенін айтады.
“Сол мектеп арқылы кешенді ғылыми топ құрылды. Көкпар, теңге ілу, садақ ату, аударыспақ сияқты спорт түрлерінен ойындарға қатысатын спортшылар мен аттарды ғылыми тұрғыда тексеріп, нұсқаулар берген. Спортшыларды да дәл сондай тексеруден өткізіп, ғылыми сүйемелдеу жасадық. Мысалы, көкпарға іріктелген аттардың функционалдық диагностикасын жасады. Ол кезде жаңа ат сатып алуға уақыт тығыз болды да, қолда бар аттарды емдеп амалдадық. Аттардың азық мәзірін ғылыми тұрғыда түздік. Оның бәрін қалтқысыз орындауға көбінің қаржылық тұрғыдан, инфрақұрылым жағынан мүмкіндігі бола бермейді. Бүгін осы кедергілерді жою үшін не істеу керектігін талқылаймыз”, - дейді федерация президентінің орынбасары.
Еске салайық, президент тапсырмасы бойынша “Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты” құрылған еді. Ауыл шаруашылығы министрлігі осы институты арқылы 2035 жылға дейін қолдағы жылқының генетикалық әлеуетін селекциялық, технологиялық әдістермен арттыруды көздеп отыр.