Юлия Галышева әлем кубогында жүлдеге қол созым жерде тоқтады

Сарапшы, спорт журналисі

Грузияның Бакуриани жерінде фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр. 

Юлия Галышева әлем кубогында жүлдеге қол созым жерде тоқтады
vesti.kz

2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері финалға дейін жетті. 74,82 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады.

Жеңімпаз атанған АҚШ спортшысы Оливия Гьяччо 80,19 ұпай жинады. Франция спортшысы Перрин Лаффон 76,53 ұпаймен екінші орын алды. Ал үшінші орын 76,13 ұпай жинаған АҚШ спортшысы Джейлин Кауфқа бұйырды.

Ал ерлер арасында қазақстандықтардан ең жоғары нәтижені Павел Колмаков көрсетті. Ол 11-ші орынға ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір