Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Үш каратэшіміз әлемнің үздіктері қатарына енді

Сарапшы, спорт журналисі
23.12.2024, 07:33

Әлемдік каратэ федерациясы әр салмақ бойынша ең үздік ТОП-5 рейтингті жариялады. 

Үш каратэшіміз әлемнің үздіктері қатарына енді
olympic.kz

Үш каратэшіміз әлемнің үздіктері қатарына енді. Әлемдік каратэ федерациясы әр салмақ бойынша ең үздік ТОП-5 рейтингті жариялады. Ерлерден 75 келіге дейінгі салмақта Токио олимпиадасының қатысушысы, Әлем чемпионатының екі мәрте жүлдегері, 2023 жылы Қытайда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы Нұрқанат Әжіқанов өз салмағы бойынша екінші орынға тұрақтады.

67 келіге дейінгі салмақта  2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының қола жүлдегері Әмірәлі Дидар рейтингте төрттікті түйіндеп тұр.

Ал, әйелдер арасындаы +68 келі салмақта рейтингтің көшін отандасымыз София Берульцева бастап тұр. Ол 2020 жылғы Токио олимпиадасының қола жүлдегері, 2022 және 2023 Азия чемпионаттарының чемпионы. Сонымен қатар, 2022 Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір