Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына сапалы дайындық жұмыстарын ширату мәселесі сөз болды.
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті.
“Біздің ұлттық құрама алдағы Азия ойындарында жақсы нәтиже көрсетіп, қазақстандықтарға нағыз спорт мерекесін сыйлайды деген үміттеміз. Әйгілі спортшылар – олимпиада жеңімпаздары Владимир Смирновтың, Людмила Прокашеваның, Елена Хрусталеваның, Денис Теннің, Юлия Галышеваның аттары қазақ спортының тарихында алтын әріптермен жазылған. Спортшыларымыздың осы даңқты жолды Харбинде өтетін алдағы ойындарда жалғастырып, жоғары нәтиже көрсетулеріне тілектеспін! Туризм және спорт министрлігіне, әкімдіктерге, барлық мүдделі ұйымдар мен компанияларға Қытайда сәтті нәтиже көрсету үшін спортшыларымызға барлық жағдайды жасауды тапсырамын”, - деді О. Бектенов.
Үкімет басшысы Сыртқы істер министрлігі ұлттық құрамаға дипломатиялық желі бойынша тиісті қолдау көрсетуі қажет екенін айтты.
“Мәдениет және ақпарат министрлігі спортшыларымыз қатысатын Азия ойындарының үздіксіз әрі сапалы трансляциясын қамтамасыз етсін. Барлық спорттық іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланып отыруға тиіс. Сондай-ақ Туризм және спорт министрлігі әкімдіктермен, Ұлттық Олимпиада комитетімен, федерациялармен бірлесіп, 2026-шы жылғы қысқы Олимпиада ойындарына сапалы дайындық жұмыстарын барынша күшейтсін”, - деді Премьер-министр.