Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Кезінде Арыстанбек Мұхамедиұлы спорт министрі болып тұрғанда Щучинск қаласынан ашқан тау-шаңғы трамплині қаңырап бос тұр.
Құрылысына мемлекеттік бюджеттен қайта-қайта ақша бөліп, ақыры 38 млрд теңге жұмсалған нысан Орталық Азиядағы ең қымбат трамплин боп табылады. Бұл туралы 1bol.kz NewTimes-қа сілтеме жасай отырып жазады.
2017 жылы Мәжілістегі “Ақ жол” фракциясының депутаты министр Арыстанбек Мұхамедиұлына трамплин құрылысы созылып кеткенін және әуелдегі бағасынан 4 есеге дейін көтерілгенін айтқан болатын. Ол кезде министр құрылыс материалдарының жыл сайын қымбаттап жатқанын айтып құтылған.
Кешеннің құрылысы 12 жылға созылып, ақыры 2018 жылы салтанатты түрде ашылды. Оған сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі келді.
Бірақ трамплин содан бері спортшыларға айтарлықтай пайдасын тигізбеді. Себебі қыста бұл жерде жиі жел тұрып, ауа температурасы төмен болады. Жалпы Щучинсктің климаты мұндай нысанға арналмаған, дейді мамандар.
Спортшылар мұнда тек жазда келіп жаттығады. Қыс бойы олар Алматыдағы “Сұңқар” кешенінде дайындалады. Соған қарамастан жыл сайын нысанды ұстап тұруға бюджеттен 472 млн теңге бөлініп келеді.
Мамандар осынау шаңғы трамплинін ақылсыз салынған қымбат нысан деп отыр. Тіпті, оны Астанадағы LRT-мен салыстыратындар да көп. Оның құрылысына 2024 жылдың соңына дейін 3,6 трлн теңге жұмсалды. Соның өзіне нысан әлі бітпеген.