![Трамп трансгендерлердің турнирге қатысуына тыйым салды (ВИДЕО)](https://penalty.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/06/67a48004cf46d667404457.jpg)
Шектеу Құрама Штаттар аумағында ғана күшіне ие.
АҚШ президенті Дональд Трамп трансгендер спортшылардың әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуына тыйым салды. Ақ үй басшысы жуырда тиісті жарлыққа қол қойды.
"Соңғы жылдары спорт федерациялары ерлердің әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуына рұқсат берді. Бұл әділетсіз. Бұрымдылардың жарыстарға қатысуына және шынайы күшпен бәсекеге түсуіне кедергі келтірді. Олардың денсаулығына қауіп төндірді", - делінген құжатта.
Жаңа жарлық бойынша енді Америка билігі трансгендер спортшыларға виза бермейді. Сонымен қатар, Дональд Трамп ХОК-ты 2028 жылы өтетін Лос-Анджелес Олимпиадасына трансгендер спортшыларды қатыстыруға тыйым салуға ықпал ететінін жеткізді.