![Жансая Әбдімәлік ұлттық құрамаға оралу туралы айтты](https://penalty.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/07/67a634aa007cf408756181.jpg)
Шахматшы Жансая Әбдімәлік Instagram әлеуметтік желісінде Қазақстан құрамасына оралуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Жансая алдағы жоспары туралы бөлісіп, ұлттық құрама туралы сөз қозғады.
"Егер мені бақылап жүрсеңіз, соңғы бір жарым жылда шахмат турнирлеріне қатыспағанымды білетін боларсыз. Бұл шешімді қабылдау оңай болған жоқ, бірақ отбасым мен өмірімнің жаңа кезеңі үшін қажет болды. Қазір бұрын уақыт жетпеген нәрселермен айналысып жүрмін. Отбасыммен көбірек уақыт өткіземін. Қарапайым серуендерге шығып, достарыммен кездесіп, жаңа хоббилерді ашудамын. Барлығын өз қалауыммен, ләззат алып істеп жүрмін.
Тұрақты күйбең тіршілікте өмір сүргендер мен сүріп жүргендер түсінеді: өзіңді" жіберіп“, сәтпен өмір сүруге мүмкіндік беру – үлкен жетістік, оған көп күш қажет. Қазіргі таңда мен үшін ең бастысы – отбасым, жұбайыма қолдау көрсету, үйдегі жайлылық. Дегенмен, шахматтық жобаларымызды да ұмыт қалдырмаймын. Алда жоспарлар көп, бірақ әзірге өзіме демалуға уақыт беруді жөн көрдім", – деп жауап берді спортшы.