Қазақ қызы Азиада "алтынын" жеңіп алды
Қытай құрамасының намысын қорғайтын этникалық қазақ Баян Жалынқызы қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан (5 км, еркін әдіс) алтын медаль иегері атанды.
Баян Жалынқызы Джимунай уезінде (Алтай округі, Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданы, Қытай) дүниеге келген. Бұл өңірде қысқы спорт қатты дамыған және этникалық қазақтар көп мекендейді.
Спортшы 5 шақырымдық қашықтықта үздік нәтиже көрсетіп, қарсыластарынан әлдеқайда ұзап кетті.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қытайдың этникалық қазағы Самғар Серік Азиада ойындарының қола медалін (спринт, классикалық стиль) иемденген еді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.